ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
БІЗ ЖАЙЛЫ
«Бүгінгі таңда кітапхана – халыққа білім нұрын себетін ең күрделі ақпарат орындарының бірі. ХХІ-ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Тек кітап қана алған жылжуды, адамдық, шыңына шығуды үйретеді. Кітапхана қорын толықтыру стратегиясы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Ия шыныменде ХХІ-ғасыр – руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Ақпараттық қоғамға батыл қадам жасап, ақпараттар ағынында алтын көпірдей болып ақпарат пен пайдаланушының арасын жалғап тұрған маңызды тетіктің бірі кітапханалар екені даусыз. Өйткені кітапхана – ақпарат көзі, ақпаратты таратуды ұйымдастырушы. Дарья ауылдық кітапханасы 2008 жылы ашылған күннен бастап халыққа қызмет етуде.