top of page

БІЗ ЖАЙЛЫ

 «Бүгінгі таңда кітапхана – халыққа білім нұрын себетін ең күрделі ақпарат орындарының бірі. ХХІ-ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Тек кітап қана алған жылжуды, адамдық, шыңына шығуды үйретеді. Кітапхана қорын толықтыру стратегиясы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Ия шыныменде ХХІ-ғасыр – руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Ақпараттық қоғамға батыл қадам жасап, ақпараттар ағынында алтын көпірдей болып ақпарат пен пайдаланушының арасын жалғап тұрған маңызды тетіктің бірі кітапханалар екені даусыз. Өйткені кітапхана – ақпарат көзі, ақпаратты таратуды ұйымдастырушы. Дарья ауылдық кітапханасы 2008 жылы ашылған күннен бастап халыққа қызмет етуде. Ең алғашқы кітапханада Рахметова Ляззат, одан кейін Жампейісова Айнұр, Рустамбекова Айгерім, кейін Иксанова Айжан кітапханашы қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда кітапханада Сатова Диана Қайратқызы кітапханада жұмыс атқарады. 2016 жылдың басында кітап қоры 2861 дана құраса, жаңадан келіп түскен әдебиеттер саны 197 дана, қазір жалпы кітап қоры 3068 дананы құрайды. 182 дана облыстық мәдениет басқармасынан қазақ тілде, 15 дана мерзімді басылымдар бар. Кітапханада 1 компьютер, 1 принтер, 3 үстел, 6 орындық бар.  Кітапхана әкімшілік ғимаратында орналасқан, көлемі жағынан 48 шаршы метрді құрайды.  Жылу жүйесі бумен жылынады, электр жүйесі бар. Бүгінгі таңда кітапхана өте бай қорға ие. Қордың құрамы отандық және шетелдік басылымдардан, анықтамалық, оқулық және ғылыми әдебиеттерден, мерзімді басылымдардан құралған. Әр топтағы оқырманы бар, оның ішінде, мектеп оқушылары, студенттер, жұмыскерлер, жұмыссыздар, зейнеткерлер. Кітапханаға келген әр оқырман абонементке немесе оқу залына жазыла алады.

    Кітапхана – оқырман  мен   кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады. Казіргі кезде адамдарды, өскелең талабына қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.

    Кітапхана – ғасырдан    ғасырға адамзат тарихының кернеуін сүріндермей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктің киелі ордасы. Кітапхана саласында қолданып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі.

Д. Қ. Сатова
Кітапханашы
bottom of page